ҚАЖЫЛЫҚ БАРЫСЫНДА АЙТЫЛАТЫН 13 ДҰҒА 1) МИҚАТҚА ЖЕТІП, ИХРАМ КИГЕННЕН КЕЙІН. «Ләб-бәй-кә Ал-лаа-һум-мә ум-ро-тән му-тә-мәт-ти-ъән би-һәә и-ләл-хадж» /Уа, Аллаһ! Осы умрамен таматтуъ қажылығын өтеу ниетімен Сенің алдыңдамын/ 2) ҰМРА-ҚАЖЫЛЫҚ НИЕТІН АЙТЫП БОЛҒАН СОҢ. «Ләб-бәй-кәл-лаа-һум-мә ләб-бәйик. Ләб-бәй-кә ләә шә-рии-кә лә-кә ләб-бәйик. Инн-нәл-хәм-дә уәнн-ниъ-мәһ лә-кә уәл-мулк. Ләә шә-рии-кә ләк» /Уа, Аллаһ! Міне, мен Сенің алдыңдамын. Сенің ешбір серігің жоқ. Міне, мен сенің алдыңдамын. Расында мадақ та, нығмет те, мүлк те Саған ғана тән. Сенің серігің жоқ/ 3) ҚАҒБАНЫ КӨРГЕНДЕ. «Ал-лаа-һум-мә зид һәә-зәл-бәй-тә тәш-рии-фән уә тәъ-зыйи-мән уә тәк-рии-мән уә мә-һәәб-бә-тән уә бир-рон. Уә зид мән шәр-ро-фә-һу уә кәр-ро-мә-һу мим-мән хәдж-джә-һу әуиъ-тә-мә-ро-һу тәш-рии-фән уә тәъзыйи-мән» /Уа, Аллаһ! Мына үйдің шарапатын, ұлылығын, құрметін, сүйіктілігін және жақсылығын арттыр! Қажылыққа не ұмраға келіп, оны қастерлеп құрметтегендердің құрметі мен қадірін арттыр!/ 4) «ӘЛХАРАМ» МЕШІТІНЕ КІРЕРДЕ. «Ә-ъуу-зу бил-ләә-һил-ъә-зыйим. Уә би-уәдж-һи-һил-кә-риим. Уә сул-тоо-ни-һил-қо-диим. Ми-нәш-шәй-тоо-нир-ро-джиим. Бис-мил-ләәһ. Уәс-со-ләә-ту уәс-сә-ләә-му ъә-ләә ра-суу-лил-ләәһ. Ал-лаа-һум-мәф-тәх-лии әб-уәә-бә рох-мә-тик» /Ұлы Аллаһтан, Оның ардақты дидарынан және Оның ежелгі билігінен қарғысқа ұшыраған шайтанның азғыруынан пана болуын сұраймын. Аллаһтың атымен, Аллаһтың елшісіне Оның тыныштығы мен игілігі болсын! Уа, Аллаһ! Маған мейірім есіктеріңді аша көр!/ 5) ТАУАПТЫ БАСТАРДА. «Бис-мил-ләә-һи уәл-лаа-һу әк-бәр. Ал-лаа-һум-мә ии-мәә-нән би-кә. Уә тәс-дыйи-қон би-ки-тәә-би-кә. Уә уә-фәә-ән би-ъәһ-ди-кә. Уәт-ти-бәә-ъән ли-сун-нә-ти нә-би-и-кә Му-хәм-мәд сол-ләл-лаа-һу ъә-ләй-һи уә сәл-ләм» /Аллаһтың есімімен. Аллаһ ұлық! Уа, Аллаһ! Өзіңе деген сеніммен, Кітабыңды растаумен, Уәдені орындаумен және Пайғамбарың Мұхаммедтің /с.ғ.с./ сүннетіне ерумен (бастаймыз) / 6) ТАУАПТЫҢ ҚАЛҒАН 6 АЙНАЛЫМЫНДА ҚАҒБАНЫҢ ҚАРА ТАС ТҰРҒАН ТҰСЫНА КЕЛГЕНДЕ. «Ал-лаа-һу әк-бәр» /Аллаһ ұлық!/ 7) ЙЕМЕН БҰРЫШЫ МЕН ҚАРА ТАС БҰРЫШЫНЫҢ АРАСЫНДА. «Роб-бә-нәә әә-ти-нәә фид-дун-иәә хә-сә-нә-тән уә фил-әә-хи-ро-ти хә-сә-нә-тән. Уә қи-нәә ъә-зәә-бән-нәәр» /Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер әрі ахиретте де жақсылық бер және тозақ азабынан сақта!/ 8) САФА ТӨБЕСІНЕ ЖАҚЫНДАҒАНДА. «Ин-нәс-со-фәә уәл-мәр-уә-тә мин шә-ъәә-и-рил-ләәһ. Фә-мән хәдж-джәл-бәй-тә әуиъ-тә-мә-ро фә-ләә джу-нәә-хә ъә-ләй-һи әй-иәт-тоу-уә-фә би-һи-мәә. Уә мән тә-тоу-уә-ъә хой-рон фә-ин-нәл-лаа-һә шәә-ки-рун ъә-лиим» /Расында Сафа мен Мәруә – Аллаһтың белгілерінен. Сонда кім қажылық немесе ұмра орындаса, ол екеуін де тауап етудің оқасы жоқ. Кімде-кім артықша бір жақсылық істесе, Аллаһ Шүкірлікті қабылдаушы, Толық білуші/ 9) САФА ТӨБЕСІНЕ КӨТЕРІЛГЕННЕН КЕЙІН. «Ләә и-ләә-һә ил-ләл-лаа-һу уәх-дә-һу ләә шә-рии-кә лә-һу. Лә-һул-мул-ку уә лә-һул-хәм-ду уә һу-уә ъә-ләә кул-ли шәй-ин қо-диир. Ләә и-ләә-һә ил-ләл-лаа-һу уәх-дә-һу ән-джә-зә уәъ-дә-һу уә нә-со-ро ъәб-дә-һу уә һә-зә-мәл-әх-зәә-бә уәх-дә-һу» /Жалғыз, серігі болмаған Аллаһтан басқа құдай жоқ. Билік пен мадақ Оған тән әрі Ол әр нәрсеге Құдіретті. Жалғыз Аллаһтан өзге құдай жоқ. Ол уәдесін орындады, пендесіне көмек берді, бүкіл топты жалғыз Өзі жеңді/ 10) МӘРУӘ ТӨБЕСІНЕ ШЫҚҚАНДА. /Сафа төбесіне шыққанда айтқан дұғаны айтады/ 11) ҚАЖЫЛЫҚҚА НИЕТ ЕТКЕНДЕ. «Ал-лаа-һум-мә ләб-бәй-кә хәдж-джән» /Уа, Аллаһ! Қажылық өтеу ниетімен алдыңдамын!/ 12) АРАФАТТА. «Ләә и-ләә-һә ил-ләл-лаа-һу уәх-дә-һу ләә шә-рии-кә лә-һу. Лә-һул-мул-ку уә лә-һул-хәм-ду уә һу-уә ъә-ләә кул-ли шәй-ин қо-диир» /Жалғыз, серігі болмаған Аллаһтан басқа құдай жоқ. Билік пен мадақ Оған тән әрі Ол әр нәрсеге Құдіретті. Жалғыз Аллаһтан өзге құдай жоқ/ 13) ЖАМАРАТҚА ТАС АТАРДА. «Ал-лаа-һу әк-бәр!» /Аллаһ ұлық!/ Аллаһ Тағала баршаңыздың ізгі ниеттеріңізді, дұға-тілектеріңізді қабыл етсін! www.qazaqtravel.kz

Теги других блогов: Қажылық Қағба Тауап Мәктеп Мәсжид