ҰМРАНЫҢ 10 АРТЫҚШЫЛЫҒЫ: 1. КҮНӘНІ ӨШІРЕДІ: Бұхари және Муслим келтірген хадисте Пайғамбар /с.ғ.с./: «Екі умра арасындағы (күнәлардың) кешірілуіне себеп, ал қабыл болған қажылықтың сыйы – тек Жәннат», - деген; 2. ҰМРА ЖАСАУШЫ АЛЛАНЫҢ ҚОНАҒЫ: Пайғамбар /с.ғ.с./: «Қажылық етушілер мен ұмра жасаушылар Алланың қонақтары. Егер олар дұға тілесе жауап береді, кешірім сұраса, кешіреді», - деген. Хадисті Нәсәй жеткізген; 3. КЕДЕЙЛІК ПЕН КҮНӘНІ КЕТІРЕДІ: Алла елшісі /с.ғ.с./: ”Қажылық пен ұмраға жиі барыңыз, себебі ол екеуі кедейлік пен күнәні көріктің темір, алтын және күмістен татты кетіргеніндей кетіреді”, - деген. Хадисті Тирмизи және Насаи жеткізген; 4. ПАЙҒАМБАРМЕН /С.Ғ.С./ БІРГЕ ҚАЖЫЛЫҚ ӨТЕГЕНДЕЙ САУАП ТАБАСЫЗ: Алла елшісі /с.ғ.с./: «Рамазан айында орындалған ұмраның сауабы менімен бірге қажылық өтегендей сауапқа кенелтеді», - деген. Хадисті Бұхари және Муслим келтірген; 5. ҚАРА ТАСТЫ СҮЮГЕ МҮМКІНДІК АЛАСЫЗ: Қажылық кезінде адам саны көп болғандықтан қара тасты сүю қиынға түседі. Ал ұмра кезінде адам саны едәуір азаяды. Тауап барысында қара тасты сүюге мүмкіндік туады; 6. ҚОСЫМША САУАПҚА КЕНЕЛЕСІЗ: Ұмра өтеуші адам Қағбаны тауап ету, Сафа мен Маруа жоталарының арасында сағи жасау, Ибраһим мақамының артында намаз оқу секілді сауапқа толы құлшылықтарды жүзеге асырады; 7. УАҚЫТПЕН ШЕКТЕЛМЕГЕН: Қажылық әр жылдың Зулхиджа айының 3-күні басталып, 13-күні аяқталады. Жылдың басқа айларында үлкен қажылық өтелмейді. Ал ұмра болса белгілі бір маусымға бекітілмеген. Сондықтан жылдың әр мезгілінде ұмраға барсаңыз болады; 8. САУАБЫ КӨП НАМАЗ ОҚИСЫЗ: Пайғамбар /с.ғ.с./: «Менің мына мешітімде оқылған намаз Әлхарам мешітінен басқа жерлерде оқылған намаздан мың намаз артық. Ал Әлхарам мешітінде оқылған бір намаз менің мына мешітімде оқылған намаздан жүз есе артық», - деген. Хадисті Ахмәд жеткізген. 9. ТАРИХИ ЖЕРЛЕРГЕ САЯХАТ ЖАСАЙСЫЗ: Ұмра барысында Ислам тарихындағы жәдігерлерді көресіз, «Сәур» тауы, «Хира» үңгірі, Екі құбылалы мешіт, Құрма бағы т.б. жерлерге саяхаттайсыз, олар жайлы қосымша қызықты мәліметтер аласыз; 10. ҮЛКЕН ҚАЖЫЛЫҚҚА ДАЙЫНДЫҚ. #Qazaqtravel #Hadjj #Умра #қажылық

Теги других блогов: Ислам хадис ұмра